2022 жылғы 19 сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржылық уәкілетті қызметтерінің консультативтік комитетінің бірінші отырысы өтті. Консультативтік комитетті құру туралы шешім 2021 жылғы 30 қарашада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржылық өкілетті қызметтері өкілдерінің конференциясында қабылданды.
Консультативтік комитеттің негізгі мақсаты қаржы ұйымдарымен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттеу саласында ұсыныстар, ұсынымдар дайындау және консультациялар өткізу арқылы қаржы уәкілетті қызметтерінің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу болып табылады.
Комитеттің отырысына Ресей Федерациясының бас қаржы өкілі Ю.В. Воронин, Қазақстан Республикасының банк омбудсманы - Е.Д. Сийрбаев, Қазақстан Республикасының сақтандыру омбудсманы - П.А. Завалко, Армения Республикасының қаржы жүйесінің бас бітімгері - В. Мнацаканян қатысты.
Отырыс барысында комитет Төрағасы сайланды, Консультативтік комитет туралы ереже бекітілді, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған іс-қимыл жоспары талқыланды. Қазақстан Республикасының банк омбудсманы Е.Д. Сиырбаев және отырысқа басқа да қатысушылар Комитеттің отырыстарында қарау үшін сұрақтар енгізді. Консультативтік комитеттің келесі отырысы 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.