www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Жанасусыз ақы төлеу, Немесе ақыны смартфонмен қалай төлеуге болады

Жанасусыз ақы төлеу,

Немесе ақыны смартфонмен қалай төлеуге болады

 

Жанасусыз төлемдер әлеуметтік алыстауды қамтамасыз етуге көмектеседі,бұл пандемиия кезінде өте маңызды. Смартфоныңызға банк карточкасын қалай «енгізуге» болады, мобильдік құрылғылардың көмегімен жанасусыз ақы төлеудің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар, QR-код бойынша ақыны қалай төлеуге болады? Осы сұрақтарды Fingramota.kz-пен бірге талқылайық.

 

Телефоныңызды банк картасымен бірге пайдалану өте қолайлы. Мысалы, супермаркетте немесе дәріханада сауда жасай отырып, «пластиканы» өзіңізбен бірге алып жүрудің немесе провизорға ақша берудің қажеті жоқ, смартфоныңызды POS-терминалға қойсаңыз жеткілікті.

Мобильдік құрылғылардың көмегімен жанасусыз ақы төлеу NFC технологиясы бойынша және QR-коды бойынша жүзеге асырылады. 

Деректерді шағын радиуста сымсыз беру технологиясы NFC (Near field communication) деп аталады. Ол шамамен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан құрылғылар арасында деректермен алмасуға мүмкіндік береді.

Көптеген заманауи смартфондар, смарт-сағаттар және браслеттер NFC датчиктерімен жабдықталған және осы технологиялық жаңалықты іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді. Дүкендерде POS-терминал арқылы картамен төлеуге дағдыланғандар үшін NFC-ға өту жеңіл болады. Себебі осы технология жасайтынының барлығы – бұл банк картасының деректерін оқиды және POS-терминалға жақындатқан әрбір ретте картаның деректерін белгілі бір операция үшін шифрланған  түрде береді. Терминал үшін картаны немесе телефонды жақындатасыз ба бәрібір. Бұл ретте картаны өзіңізде сақтаудың, оны алудың, ұрлатып алу, яғни дербес деректерді, мысалы, CVV/CVC-кодтары (картаның сыртқы жағындағы кодтар) ұрлатып алу тәуекеліне ұшыраудың қажеті жоқ. Сондай-ақ карточкасын үнемі банкоматта ұмытып кететіндер үшін қолайлы.

 

Нақты артықшылықтары:

  • Қауіпсіздік (деректер шифрланған түрде болады, карта мен деректерді ұрлатып алу тәуекелін болдырмаймыз;
  • Қолайлылығы (картаны өзіңізбен бірге алып жүру қажет емес);
  • Ақыны жылдам төлеу (телефонды теңшеп, сатып алу кезінде оны POS-терминалға жақындатса болды);
  • Қосымша бонустар (көптеген банктер жақсы кэшбэктерді және NFC-ді пайдаланған кезде транзакциядан бонустарды ұсынады.

 

Кемшіліктер:

  • Телефонды қаскөйлер ұрлап кетпеу үшін байқап жүру керек
  • Смартфондардың барлық моделінде NFC модулі жоқ.

 

 

Бірнеше сервистер бар, олардың көмегімен карточканың орнына телефон арқылы төлем жүргізуге болады. Бұл:

- Samsung pay;

- Apple pay;

- Android pay.

 

Қалай қосылуға болады?

  1. Осы технологияны пайдалану үшін өз құрылғыңызда NFC модулінің болуына көз жеткізіңіз. 

Samsung  телефондары үшін – бұл S және Note әріптік индекспен үздік модельдер, сондай-ақ А20, А3 (2017 жылдан) жоғары, J4+ және жоғары жаңа сериялы телефондар.  Android операциялық жүйесінде басқа өндірушілердің телефондары үшін өндірушілерден/сатушылардан нақтылау қажет.  

NFC iPhone 6-дан бастап және одан жоғары Apple компаниясының көптеген заманауи өнімдерін қолдайды, оларда Face ID тұлғаны тану және/немесе Touch ID саусақ ізін тану функциялары бар.  Келешекте бұл  функциялар Apple Pay бағдарламалық қамтамасыз етуін оған қаскөйлер немесе кездейсоқ пайдаланушылар (мысалы, балалар) кіре алмайтындай етіп қорғауды қамтамасыз етеді.

  1. Қосымшаны жүктеу.

Қосымшаны жүктеу Сіздің құрылғыңызға сәйкес жасалуы қажет. Мұны App Store, Play market, Galaxy Store дүкендерінде жасауға болады.

 

  1. Смартфонда картаның виртуалды көшірмесін жасаймыз.

  Бұдан әрі, біз сіздің картаңыздың «айнасын» жасаймыз. Бұл процесс көп уақытты қажет етпейді, өйткені жоғарыда аталған қосымшаларда карта деректерін автоматты түрде сканерлеу функциясы бар. Ол үшін картаны смартфонның артына апару керек (көбінесе NFC модулі бар) немесе телефонның камерасын пайдалану керек. CVV / CVC коды (картаның артқы жағында) қолмен енгізіледі.

 

4. Сатып алынған затқа мобильді құрылғымен ақы төлейміз.

Телефон теңшелгеннен кейін, Сіз POS терминалдарымен жабдықталған дүкендерде төлем жасай аласыз. Бұл жағдайда Сізде карта емес, мобильді құрылғы болу керектігін айту міндетті емес. Карта арқылы төлем жасаңыз және оның орнына смартфонды сыртқы жағымен терминал бетіне қысқа қашықтыққа жақындата отырып, мобильді құрылғыны қолданыңыз деп айту жеткілікті.

Тағы бір маңызды мәселе: NFC модулі әдепкі тұрақты режимде жұмыс істейді. Оны іске қосу үшін телефонды бұғаттан шығару, жекелеген жағдайларда немесе опциялық түрде – бет-әлпетін, саусақ іздерін тану немесе телефонда пин-код енгізу қажет.

NFC технологиясы сынақтан өткен және сақтық шараларын сақтаған кезде шоппинг барысында таптырмайтын көмекші болуы мүмкін.

 

QR-код бойынша төлем

Бұл сатып алынған затқа арнайы графикалық кодпен ақы төлеуге мүмкіндік беретін тағы бір балама әдіс. QR жүйесінің даусыз артықшылығы – оны пайдалану үшін арнайы модуль немесе датчиктің болуы талап етілмейді. Тек арнайы қосымшаны жүктеп алу (көбінесе картаны шығарған банктен) және телефон камерасының көмегімен сатушының QR есептеу жеткілікті.

 

QR-код бойынша төлемнің артықшылықтары

  • арнайы модуль талап етілмейді (NFC сияқты);
  • жылдам төлем (қосымшаны ашу, кассада код санау, соманы енгізу және ақша жеткілікті);
  • қауіпсіздік (NFC төлеу кезіндегідей қауіпсіздік артықшылықтары);
  • ыңғайлылық.

 

QR-код бойынша төлемнің кемшіліктері

  • QR бойынша төлем әдісі соншалықты кең таралмаған;
  • SMS-кодтар арқылы транзакцияны қосымша растауды талап етеді.

QR-код бойынша төлем картаны, оның деректерін ұрлау қаупін азайтады, көптеген қаржылық операцияларды жеңілдетеді (аударымдар, төлем, банкоматтардан картасыз қолма-қол ақша алу).

Осы технология бойынша төлемді іс жүзінде пайдалану үшін біз банктің қосымшасын жүктеп аламыз, авторизация жасаймыз және егер осындай функция болса, оны төлем кезінде мүмкіндігінше қолданамыз.

 

 

 

Өзіңізді және ақшаңызды сақтаңыз,

қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-мен бірге арттырыңыз!

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені