www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында сауалнама жүргізіледі

Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында сауалнама жүргізіледі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, «Қаржылық инклюзия» жобасымен және К.Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар ісі жөніндегі комиссиямен бірлесіп Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында сауалнама жүргізеді. 

Сауалнама мүмкіндігі шектеулі адамдардың қаржы өнімдері мен қызметтеріне деген сұранысын анықтауға көмектесіп, оларды алуға байланысты проблемаларды көрсетеді.

Сауалнама нәтижелері бойынша Агенттік қаржылық қолжетімділікті арттыру үшін қажетті шаралар қабылдайтын болады. Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі адамдар қаржы жүйесіне кірігіп, қаржы өнімдері мен қызметтерінің базалық жиынтығын толыққанды алу мүмкіндігіне ие бола алады.

Сауалнамамен қамтуды ұлғайту үшін Fingramota.kz барынша көп репост жасауды сұрайды! Адамдарға денсаулығының шектеулі болуына қарамастан, қаржы өнімдері мен қызметтерін алуға көмектесейік!

Сауалнамадан мына сілтеме бойынша https://www.fingramota.kz/ru/opros-dlay-lov Fingramota.kz сайтында танысуға болады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені