1951 жылы 16 сәуірде туылған.
Білімі жоғары:
– Омск транспорт инженерлер институты, 1974 ж., Қатынасу жолдары Инженері;
– Алматы халық шаруашылығы институты, 1987 ж., Қаржы және несие, Экономист;
– Қазақ мемлекеттік заң университеті (КазГЮУ), 2015 ж., Заңгер
Қаржы және несие жүйесінде жалпы стажы (еңбек өтілі) – 40 жыл:
– 1975 – 1988 жылдары КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақстан Республикалық конторасының Есептеу орталығынында инженер, математикалық өңдеу тобының меңгерушісі, алгоритмизация және бағдарламалау бөлімінің меңгерушісі;
– 1988 – 1991 жылдары КСРО Жинақ банкінің Қазақ Республикалық Банкі Басқарма төрағасының орынбасары;
– 1991 – 1994 жылдары Қазақстан Республикасының Жинақ банкі Басқарма төрағасының орынбасары;
– 1994 – 2005 жылдары Қазақстан Республикасының Халық банкі Басқарма төрағасының орынбасары;
– 2006 жылдан 2012 жылдары «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
– 2012 жылдан 2013 жылдары «BankRBK» АҚ Басқарма төрағасының, «Сенiм Банк» АҚ Директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі, «Qazaq Bank» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
– 2013 жылы Қазақстан Республикасы «Банк және ҚР банк жұмысы туралы» заңының 40-3 бабы бойынша банк омбудсманы болып сайланды.
Банк және карточка технологиясы саласындағы көптеген жұмыстардың авторы:
– «АМАНАТ» банк бизнесін бөлшекті автоматизациялаудың бағдарламалық-технологиялық комплексі». 27.05.1999ж., №587 куәлігі.
– «Аманат Плюс» банк бизнесін бөлшекті автоматтандырудың банктік жүйесі», 23.08.2001ж., №141куәлігі.
– «Master Pay»: POS- терминалы арқылы төлемдерді қабылдау тәсілі. (Кедендік төлемдер), 29.03.2004ж., №062 куәлігі.
Қоғамдық қызметі:
– 1989 – 1998 жылдары Қазақстан және Орталық Азия тұрғындарына арналған банк қызметін дамыту және информациаландыру «Аманат- Информ» Ассоциациясының құрылтайшысы және Президенті;
– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Легализация», «Жер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Заң жобаларының өңдеу және талқылау жұмыс тобының мүшесі;
– 1995 – 2003 жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің Кәсіподағының Орталық Комитетінің Бюро мүшесі;
–– «КазЦентр ЖКХ» АҚ директорлер кеңесінің тәуелсіз Директоры, 11.2010 – 02.2012ж.
Марапаттаулары мен лауазымдары:
– КСРО Мемлекеттік Банк басқармасының және КСРО мемлекеттік мекемелер Кәсіподағының Орталық Комитетінің Құрмет Грамотасы;
– «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Астананың 10 жылдығы» медалі;
– «Қазақстан Халық банкі ардагері» – 2003ж.;
– «Альпинизм және таулы туризм нұсқаушысы»