www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Маусым 12, 2020

12.06.2020 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының бастамасымен мемлекеттік органдармен, мүдделі ұйымдармен дауларды шешудің баламалы институттарын өзектендіру мәселелері бойынша жұмыс бабымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Банк омбудсманы банк дауларын сотқа дейін реттеу тақырыбында баяндама жасады. Қарыз алушылар тарапынан қарыздарға карантиндік қызмет көрсету кезеңінен кейінгі мәселелер және банктік қарыздарға тиісті түрде қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтін жағдайлардан шығу тәсілдері талқыланды.

Сондай-ақ, қаржы жүйесіне қатысушылардың сот органдарына келіп түсетін өтініштері мен шағымдарының санын, сотқа дейінгі реттеу рәсімдері мен әдістерін азайту мәселесі талқыланды. Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

 

Авторы: Ибрагимов Р.

Басқада жаңалықтар