www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Маусым 10, 2021

Банктердің кредиттеуіндегі үрдістер және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дағдарысқа қарсы шаралары туралы

 

2020 жылдан бері Агенттік Ұлттық Банкпен және Үкіметпен бірлесіп бизнеске және халыққа қолдау көрсету, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыруда.

Пандемияның банк секторының орнықтылығына әсерін барынша азайту үшін 2020 жылғы наурыздан бастап капитал мен өтімділіктің жеткілікті көлемін беруге бағытталған уақытша пруденциялық реттеу шаралары қабылданды.

Негізгі шаралардың ішінен банктердің меншікті капиталының консервациялық буферіне қойылатын талаптардың 1 пайыздық тармаққа 2%-дан 1%-ға дейін төмендеуін атап өтуге болады. Сонымен бірге ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар мен кепілдіктер және синдикатталған кредиттер бойынша меншікті капиталдың жеткіліктілігін есептеу кезіндегі тәуекел-мөлшерлеу коэффициенттері 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді.

Провизияларды есептеу кезінде «тұрақты» деп танылатын кепілдер тізбесіне МЖӘ жобалары және квазимемлекеттік компаниялардың («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) кепілдіктері енгізілді, капиталдың жеткіліктілігі мен бір қарыз алушыға келетін тәуекелді есептеу кезіндегі өтімді қамтамасыз ету тізбесі кеңейтілді.

Кредиттік тәуекелдердің сақталуы және экономиканың түрлі секторларының тең қалпына келмеуінің жағдайында банк секторы экономикаға және өз клиенттеріне қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Экономиканы кредиттеудің жыл басынан бері 3,3%-ға 15,1 трлн теңгеге дейін өсуі аясында корпоративтік секторды кредиттеу 0,8%-ға 7,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл зиянды тану және заңды тұлғаларға берілген, жұмыс істемейтін кредиттерді есептен шығару процестерімен байланысты.

Бөлшек кредиттеу сегментінде кредиттеу тәуекелі жоғары тұтынушылық кредиттерден тәуекелі азырақ ипотекалық қарыздарға қарай біртіндеп ауысуда. Мәселен, жыл басынан бері жеке тұлғаларға кредиттер, негізінен, тұтынушылық кредиттердің 6,1%-ға ұлғаюы есебінен 5,6%-ға өсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің есебінен ипотекалық кредиттерді өтеуді есептегенде ипотекалық портфельдің өсуі 3,4%-ды құрады.

Ағымдағы жылы Агенттік жекелеген реттеушілік босаңсудың қолданысын ағымдағы жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда, ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар мен кепілдіктер және синдикатталған қарыздар бойынша тәуекел-саралау коэффициенттерінің мәндерін төмендету, сондай-ақ «тұрақты» кепіл мүлкінің тізбесін кеңейту шаралары сақталатын болады. Сонымен бірге квазимемлекеттік холдингтердің («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ) кепілдіктерін өтімді қамтамасыз ету ретінде тану сақталады, бұл кепілмен қамтамасыз етуі жоқ ШОБ субъектілерін кредиттеу бойынша банктердің мүмкіндіктерін сақтауға жағдай жасайды.

ШОБ субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бизнесті жеңілдік мөлшерлемелермен кредиттеудің мемлекеттік бағдарламалары («Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025») іске асырылуда. Жиынтығында бүкіл 2020 жылы және ағымдағы жылғы 4 айда аталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2,0 трлн теңгеден астам сомаға қарыз берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету үшін төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап 12 ай кезеңге (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін) ШОБ субъектілерінің барлық қолданыстағы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6%-ға дейін субсидиялау тетігі іске қосылды.

Қазіргі кезде 4 055 ШОБ субъектісі немесе мақұлданған ШОБ субъектілері – қарыз алушылар жалпы санының 95,3%22,3 млрд теңге сомаға субсидия алды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ субъектілеріне ағымдағы жылғы 1 сәуір - 1 шілде аралығындағы кезеңде кредиттер бойынша төлемдер мерзімін кезекті кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Бүгінгі күні банктік қарыздар бойынша 329 ШОБ субъектісі 5,5 млрд теңге сомаға және микрокредиттер бойынша 60 ШОБ субъектісі 65,7 млн теңге сомаға төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін пайдаланды.

 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыздар

+7 (727) 237 1000

Баспасөз қызметі

+7 727 237 1090

press@finreg.kz

 

Басқада жаңалықтар