www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Шілде 27, 2021

COVID-19 пандемиясына және 2020 жылы қатаң карантиндік шектеулердің енгізілуіне, сондай-ақ ағымдағы жылы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2021 жылғы 16 шілдеде ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық көмек көрсету мерзімін 2021 жылғы 1 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім[1] қабылдады.

Қазіргі уақытта қосымша қаржылай көмек шаралары қарыздары жалғыз баспанамен қамтамасыз етілген және Бағдарламаның[2]

1 және/немесе 2-бөлімі шеңберінде қайта қаржыландырылған, сондай-ақ баспанасы банктің балансына өткен халықтың әлеуметтік осал топтары (бұдан әрі - ХӘОТ) санатына жататын қарыз алушыларға ұсынылады.

Агенттік Басқармасының шешімімен Бағдарламаға банктерге құжаттарды ұсыну мерзімін ұзартуға және қарыз алушылардың қосымша көмек алу процесін жеңілдетуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді.

Ипотекалық қарыз алушыларды барынша көбірек қамту және оларға банктерге құжаттар топтамасын дайындау үшін қосымша уақыт беру үшін қарыз алушылардың Бағдарлама бойынша қосымша көмек алуға өтініш беру мерзімі 2021 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылды.

Бұған қосымша, Агенттік құжаттар топтамасын жинау процесін жеңілдету мақсатында қарыз алушылардың қосымша оларға көмек көрсету мәселесін қарау үшін банкке ұсынатын құжаттар атауларының тізбесін 11-ден 7-ге дейін қысқартты.

Агенттіктің сайтында қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасау үшін банктер қызметкерлерінің байланыс деректері және ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мәселелерін қарау үшін қажетті құжаттардың тізбесі орналастырылған. Сондай-ақ www.fingramota.kz сайтында Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар «кері байланыс» функциясымен және Бағдарламаны іске асыру талаптары бойынша сұрақ қою мүмкіндігімен орналастырылған.  

Анықтама үшін: Бағдарлама 2004 – 2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыздарды, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.

Бағдарлама үш тараудан (кезеңнен) тұрады, оларды іске асыру үшін Ұлттық Банк 286 млрд теңге бөлді.

Бағдарламаның 1-бөлімі бойынша 174,5 млрд теңге сомаға 28,3 мың қарыз қайта қаржыландырылды, қарыз алушылардың сыйақы, комиссия, айыпақы бойынша 159,5 млрд теңге сомаға берешегі кешірілді.

2020 жылы Бағдарламаның 2-бөлімін іске асыру барысында 132 млрд теңге сомаға 13,8 мың валюталық ипотекалық қарыздарды конвертациялау аяқталды. Қарыз алушылардың сыйақы, комиссия, айыпақы бойынша 109,3 млрд теңге сомаға берешегі кешірілді.

Бағдарламаның 3-бөлімінің шеңберінде ХӘОТ-ға жататын 4,6 мың қарыз алушыға 19,2 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсету шаралары жүзеге асырылды.  

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына нөмір бойынша call-орталыққа хабарласыңыздар:  +7 (727) 237 1000  

Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін  

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 237-10-90 email: press@finreg.kz  

 

[1] Қазақстан Республикасы Агенттігі Басқармасының Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы 16 шілдедегі № 81 қаулысы

[2] Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 жылғы № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы
 

Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/234553?lang=kk

Басқада жаңалықтар