www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Суәір 14, 2021

2021 жылғы 8 сәуірден бастап ҚР-да 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушыларды оңалтудың жаңа механизмі іске қосылды.

Сонымен, бұл механизм бізге не ұсынады және ол қалай жүзеге асырылады, талдап көрейік:

Мәселен, ҚР Азаматтық Кодексінің 401-бабында Шартты кез келген өзгерту немесе бұзу шарттың екі тарапының келісімімен болады деп көзделген. Бұл норма барлық азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты, оларға банктік қарыз шарттары да жатады.

Осы норманы нақтылауда, 2017 жылғы 28 шілдеде ҚР Ұлттық Банкінің қаулысымен банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидалары бекітілді, онда 19-тармақ қарыз алушының қаржы ұйымдарына өтініштерін қарау тәртібін регламенттеді, ол қарыз алушы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш беруге құқылы деп болжады., ал банк ұсынылған шарттарды қарап, жазбаша өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде Қарыз алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Қазір аталған қаулының жаңа редакциясында қарыз алушы бұрынғыдай банкке өтініш бере алады және белгіленген мерзімде Банк қабылданға шешім туралы жауап беруге міндетті. Алайда, мерзімі 90 күнтізбелік күннен асатын проблемалық берешекті сотқа дейін реттеудің жаңа тетіктері мен тәсілдері қосылды. Банк Омбудсманы Ерсерік Сийрбаевтың пікірінше, бұл толықтырулар қарызға қызмет көрсету барысында туындауы мүмкін ықтимал келіспеушіліктерді сотқа дейін реттеу аясын және мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Заңнамалық деңгейде  «Оңалту»  ұғымы айналымға енгізіледі.

Бұл негізгі борыш және есептелген сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы - жеке тұлғаның оңалту рәсімін жүргізу туралы өтінішпен банкке жүгінуге құқылы екенін білдіреді, банк 15 күнтізбелік күн ішінде Қарыз алушы - жеке тұлғаның оңалту рәсімін жүргізу туралы өтінішін қарайды.

Банк оң шешім қабылдаған жағдайда  Қарыз алушыға - жеке тұлғаға онымен жасалған банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен қарыз (қарыздар) бойынша төлемдердің жаңа кестесін, сондай-ақ қарызды қайта құрылымдау жөніндегі бір немесе бірнеше шараларды қамтитын ұсынылатын оңалту жоспарын жібереді:

  • қарыз бойынша төлемдер кестесін өзгерту, оның ішінде негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу үшін қарыз және төлемдер бойынша жеңілдікті кезеңінен кейіннен беру немесе ұзарту;
  • қарыз мерзімін ұзарту;
  • қарыз бойынша төлемді жиынтығында күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам мерзімге кейінге қалдыру;
  • қарыз бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының бір бөлігін кешіру;
  • қарыз валютасын бір валютадан екінші валютаға өзгерту (айырбастау) және (немесе) шетел валютасындағы қарыздар бойынша айырбас бағамын белгілеу;
  • жиынтығында 30 (отыз) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен қарыз болған жағдайда кредиттік лимиттің ұлғаюы;
  • құбылмалы сыйақы мөлшерлемесімен қарыз бойынша базалық көрсеткіш мөлшерінің өзгеруін қоспағанда, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі;
  • қарыз алушының банкке беретін кепіл мүлкі есебінен берешек сомасын өтеу нәтижесінде қарыз бойынша берешек мөлшерін азайту.

Яғни проблемалық қарыз алушыны оңалту тәсілдері мен қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді сотқа дейін реттеу тәртібі айқындалды. Сондай-ақ, қаржы институтының оңалту жоспарын іске асыру кезеңінде заңнамада көзделген барлық жазалау шараларын тоқтата тұру міндеті бекітілді, ал оларды қайта бастау қарыз алушы оңалту жоспарын бұзған жағдайда ғана мүмкін болады.

Оңалту шарттарының біріне ерекше назар аударғым келеді, бұл оны 5 жылда бір рет өткізу мүмкіндігі. Тиісінше, банкке оңалту туралы өтінішпен жүгінуге шешім қабылдаған қарыз алушы банкке берешекті өтеу бойынша қандай да бір шарттарды ұсына отырып, барлық қаржылық және өзге тәуекелдерді өлшеуі қажет.

Сондықтан оңалту рәсімі шеңберінде қарызға қызмет көрсетудің одан әрі проблемаларын болдырмау үшін сіз Банк омбудсманының кеңсесіне тегін ұсынылатын консультация алу үшін жүгіне аласыз, банкке өтінішті дайындау бойынша ұсынымдар алып, заң шығарушы немесе банк ұсынған оңалту шарттарының әрбір тармағын талқылап, талдай аласыз.

Автор: Банк омбудсманының кеңесшісі Ибрагимов Р.

Басқада жаңалықтар