www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Желтоқсан 20, 2023

2023 жылғы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов «Қазақ мемлекеттілігінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудегі Алаштың тарихи рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Осы шараны Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетінің Ғ.С.Сапаргалиев атындағы Мемлекет және құқық институты ұйымдастырды.

Семинардың ашылуында ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Ләззат Еркінбаева сөз сөйледі. Ол өзінің кіріспе сөзінде алашордықтардың Қазақстанның аумақтық мүддесін қорғаудағы қызметінің тарихи маңызына тоқталды.

Семинарға сондай-ақ академик Еркеш Нұрпейісов, «Алаш» мәдени-рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Жүсіп, сондай-ақ ресейлік ғалым, заң ғылымдарының докторы Владислав Толстых, Гүлназ Әдігезалова және басқа да қазақстандық және шетелдік көрнекті ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Семинар сол кездегі қабылданған шешімдердің заманауи мемлекеттің қалыптасуына ықпалын ашумен қатар, тарихи маңызы бар түйінді мәселелерді талқылайтын алаңға айналды.

Банк омбудсманы ұйымдастырушыларға осы іс-шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Басқада жаңалықтар