КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Банк Омбудсманы Ерсерік Сиырбаевтың Егов порталына азаматтардың өтінішін қарайтын органдардың қатарына қосу туралы ұсынысын қанағаттандырды. Банк Омбудсманы осыған дейін басқа тетіктер арқылы өтініштерді қарап келсе (яғни сайт, почта, жеке қабылдау, әлеуметтік желілер), енді Е-gov порталы арқылы азаматтардың өтініштерін қарауды бастамақ.
Бүгін ZOOM платформасы арқылы, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге қатысты онлайн оқуды КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бас маманы Ерген Кулгараев өткізді. Онлайн оқу барсында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде әкімшілік фунциялармен бірге басшының да атқаратын рөлдері де айқындалды. Банк Омбудсманы мен кеңсесінің ұжымы «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге қатысты толық нұсқаулық алып, азаматтардың өтініштерін қараудың жаңа деңгейін меңгерді. «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері өтініш берушінің жіті назарында болады. Әрине аталған процедура берілген мерзімде өтініш берушінің өтінішіне жауап алуға және бір жақты болуына өз септігін тигізбек.
Егер несиеіңізге қатысты несие берушінің жауабына қанағаттанбасаңыз, сотқа дейінгі қайшылықтарды жою Банк Омбудсманың құзыреті болып саналады. Ал осы жұмыс ендігіден былай «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жанданатын болады. Іске сәт!